21.06.2018, 11:50
Қараулар: 45
Әсем мен Ақмарал 125 балл жинады

Әсем мен Ақмарал 125 балл жинады

Кеше Сырым ауданында мектеп түлектері үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. Тестілеуге қатысушы түлектерге Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев сәттілік тіледі.

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзәгүл Ерғазиеваның айтуынша, биыл аудан бойынша тестілеуге 164 түлек қатысыпты. Олардың ішінде 17 «Алтын белгі» және 1 «Үздік аттестат» иегері бар.

№770 ҰБТ өткізу пунктінің хабарлауынша, Қ. Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін  орта мектебінің оқушысы Әсем Лұқпанова және Талдыбұлақ орта мектебінің оқушысы Ақмарал Есеева 125 балл жинаған. Бұл көрсеткіштер аудан бойынша әзірге ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.

Сырым ауданы бойынша орташа көрсеткіш 77,52 балды құрады.

Бүгін түске дейін апеляциялық комиссия жұмыс жасады.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы