28.06.2018, 15:38
Қараулар: 124
Қос мереке аталып өтті

Қос мереке аталып өтті

23  маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Полиция қызметкерлері мерекесіне орай, 50-ге жуық мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің атсалысуымен әр түрлі спорт түрлерінен аудандық спартакиада оздырылды. Спартакиадаға қатысушы мемлекеттік қызметшілер шағын футбол, эстафеталық ойындар,қол күресі, гір тастарын көтеру, үстел теннисі, асық ату сынды спорт түрлері бойынша сынға түсіп,өздерінің тек мемлекеттік қызметте ғана емес, спортта да жүйрік екендіктерін дәлелдеді.

Атаулы мерекеге орай ұйымдастырылған мерекелік шараның екінші бөлімі аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Алдымен салтанатты шара аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлының құттықтау сөзінен бастау алды.

Салтанатты шара аясында, мемлекеттік қызмет саласында атқарған адал еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілерді аудан әкімі Т.Төреғалиев Алғыс хаттармен марапаттап, жоғарыда атап өткеніміздей спартакиадада топ жарған үздіктерді “Қайсар” спорт клубының директоры Б.Ихсанов пен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, мемлекеттік қызметшілер кәсіподағы ұйымының төрағасы М.Шалабаев арнайы алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.

Одан әрі салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының концертімен жалғасын тапты.

Мархат Гумарова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар