28.06.2018, 15:40
Қараулар: 11
Соттағы дөңгелек үстел

Соттағы дөңгелек үстел

Сырым аудандық соты­ның ғимаратында Сырым  аудандық сотының төрағасы Б.Баймуханованың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған судья Т.Ниязов, кеңсе меңгерушісі Ж-М.Вебер, аға сот приставы И.Садыков, Сырым ауданы прокуроры Қ.Төремуратов, Сырым аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Е.Исанов, Сырым ауданы бойынша кірістер басқармасының бөлім басшысы Б.Разиева, Сырым ауданы ІІБ-ның орынбасары Ж.Мурзашев, Сырым ауданы ІІБ-ның тергеушісі Ә.Тулегулов, Сырым ауданы ІІБ-ның анықтаушысы Д.Хайруллин қатысты.

Сот төрайымы Б.Баймуханова дөңгелек үстелді ашып, сот жүйесі жемқорлықты жоюды, алдын алу жолында берілген тапсырмаларды  талапқа сай орындалуын басты міндет санайтыны, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық және ол үшiн жауаптылық, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк туралы айта келе осы өзекті мәселе күн тәртібінен түпейтінін мәлімдеді. Содан соң, сөз кезегін  Сырым ауданы бойынша кірістер басқармасының бөлім басшысы Б.Разиеваға берді.

Б.Разиева – Мемлекеттік қызметшілерінің жыл сайынғы декларация тапсыру міндеті жөнінде айтып, декларацияның барлығы электронды түрде тапсырылатынын және тапсыру  тәртібін түсіндірді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз кезеңдерімен сөз сөйлеп, Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы талқылап, пікір алмасты.

Сот төрайымы Б.Баймуханова сөз соңында жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың  немесе жекелеген топтың ғана  емес  мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлерінің,  тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғарғы деңгейде жауаптылықпен іске асырылуы тиіс екенін және күн тәртібінде талқыланған мәселені үнемі бақылауда  ұстауды    тапсырды.

 

 

И.Садыков,

Сырым аудандық сот кеңсесінің

аға сот приставы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар