5.07.2018, 9:58
Қараулар: 187
Отбасылық құндылықтарға мән берілді

Отбасылық құндылықтарға мән берілді

Жақында аудан әкімдігі жанындағы  әйелдер істері және отбасылық  демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысының кезекті отырысы болып, отырысқа аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы А.Сарқұлов төрағалық етті. Отырысқа ауылдық округ әкімдері, комиссия мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі ұсынылған мәселелерге орай «Отбасы, ана мен баланы сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды қолдау бойынша мемлекеттік іс-шаралар кешенін орындау туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалар бөлімінің басшысы Өркен Әменов, «Қазақстан Республикасында отбасы қатынастарын, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық  іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы» аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Мейрамгүл Қапез, «Отбасы институтын нығайту, отбасылық қарым-қатынастағы гендерлік теңдік принциптерін нығайту және балалар тәрбиесінде ата-аналардың рөлін күшейту мәселелерін БАҚ-та насихаттау туралы» аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы Мүсірбек Әлібекұлы хабарламалар жасады.  Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы А.Сарқұлов қорытындылап аудандағы үлгілі отбасыларды БАҚ арқылы кеңінен насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптейтін шаралар ұйымдастыруға көңіл бөлу жөнінде тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

М.Бек

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар