5.07.2018, 10:00
Қараулар: 10
Сотты құрметтемегендер жазаланады

Сотты құрметтемегендер жазаланады

ҚР «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңының 1-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. ҚР Қылмыстық кодексінің 407, 408, 410, 411-баптарымен сот төрелігіне қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар, соның ішінде, сотты құрметтемеушілік үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 654-бабында да сотты құрметтемеушілік үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларды, олардың шақыруы қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуіне, со отырысында төағалық етушінің өкімдеріне бағанбаудан, сотта белгіленген қағадаларды бұзудан көрунген сотты кұрметтемеушілік туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) – ескеру жасауға немесе 20 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Т.Ниязов,

Сырым аудандық

сотының судьясы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар