5.07.2018, 10:13
Қараулар: 11
Жаңа жүйенің тиімділігі мол

Жаңа жүйенің тиімділігі мол

Неке (ерлі-зайыптылық) болуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша бірлескен жазбаша өтініштің негізінде жүргізіледі.

Неке (ерлі-зайыптылық) болуды мемлекеттік тіркеу некеге отыратын ерлі-зайыпты болатын адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының кез келген аумағындағы тіркеуші органда беруге болады.

Өтініш тіркеуші органға, аудандық, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ-не бір ай бұрын берілуге тиісті.

2011 жылдан бастап Неке /ерлі-зайыптылық/ болуға өтінішті «электрондық үкімет» порталы арқылы беруге болады.

Азаматтар үшін әділет органдары «Некені тіркеуге өтініш беру» электрондық қызметін іске асыра бастады.

Аталған қызмет Қазақстан Республикасының барлық аумағында іске асырылды және АХАТ саласында қызметті жедел алуда азаматтарға ыңғайлы болу үшін бағытталған.

Интернет пайдаланушылар бүгінде осы қызметтің басымдығын бағалай алады – енді некеге тұру үшін өтінішті түрлі қалалар мен мемлекеттерде жүріп ақ бере алады.

Некеге отыру (ерлі-зайыптылық) болу туралы өтінішті екеуінің яғни /ерл»-зайыпты/ болуға тілек білдіруші жастарымыздың электрондық сандық қолтаңбасымен Интернет арқылы жолдай алады.

Электрондық сандық қолтаңбаны алу үшін «электрондық үкімет» порталынан, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе «электрондық үкіметтің» шоу-румдарынан алуға болады.

Электрондық сандық қолтаңба көмегімен өтінішке қол қояды, осылайша ұзақ кезектерде тұрудың және мемлекеттік органдарға баруды қажет етпейді.

Мемлекеттік баж төлемі электрондық үкіметтің төлем шлюзінің автоматтандырылған жүйесі арқылы іске асырылады.

Некені тіркеуге өтініш онлайн тәртібінде түскен кезде Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бірден некені тіркеудің уақыты мен күнін белгілеу туралы хабарлама жібереді, сонымен қатар «Электрондық үкімет» порталы арқылы қате мәліметтер ұсынса оған бас тарту себебі көрсетіліп, дәлелді бас тарту жіберіледі.

Неке (ерлі-зайыптылық) болуға қағаз түрінде өтініш беруші жұптарымыз поштаға не болмаса банктерге барып, кезекке тұрып мемлекеттік баж төлеп, өз уақыттарын жоғалтады.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 10 қаңтар 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналатынын атап өтті. Осыған орай азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап ала алады.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде барлық жастарымыз интернет қызметін пайдаланады, соған қарамастан Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Сырым ауданы бойынша Неке /ерлі-зайыптылық/ болуға Электронды үкімет порталы арқылы 2017 жылдың бес айында 1 өтініш берілсе, 2018 жылдың бес айында Электронды үкімет порталы арқылы 1 өтініш берілді.

Бұл дегеніңіз аудан бойынша Электронды үкімет порталы арқылы өтініш берудің мүлдем төмен не жоқ екенін көрсетеді.

Неке (ерлі-зайыптылық) болуға өтініш білдіруші жұптарымызға /жастарымызға/ айтарым осындау тиімді мүмкіндіктерді пайдаланып, өздеріңіздің уақыттарыңызды үнемдеп, электрондық сандық қолтаңба алып, неке /ерлі-зайыптылықты/ болу өтінішті Электронды үкімет порталы арқылы беріңіздер.

А.Ишмуханова,

Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру

және спорт бөлімі бас маманы