12.07.2018, 11:20
Қараулар: 14
«Медиация – дауларды реттеудің тиімді әдісі»

«Медиация – дауларды реттеудің тиімді әдісі»

Сырым аудандық сотының ғимаратының мәжіліс залында  Сырым  аудандық сотының төрағасы Б.Баймуханованың төрағалығымен «Медиация – дауларды реттеудің тиімді әдісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған судья Т.Ниязов, кеңсе меңгерушісі Ж-М.Вебер, аға сот приставы И.Садыков, Сырым ауданының прокуроры Қ.Төремұратов, Сырым ауданы ІІБ-ның орынбасары Ж.Мурзашев, Сырым ауданы ІІБ-ның тергеушісі Ә.Тулегулов, Сырым ауданы ІІБ-ның анықтаушысы Д.Хайруллин,  ауылдық округ әкімдері А.Жакиев, М.Хасанов, медиаторлар Т.Нұрмұханов, Ғ.Қаналиев, Б.Дуйсенбаев қатысты.

Сот төрағасы Б.Баймуханова дөңгелек үстелді ашып, ұлт Жоспары «5  институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» аясында БҚО Соты, БҚО Прокуратурасы, БҚО ІІД, БҚО ҚАЖ, Халықтар Ассамблеясы арасында өзара ынтымақтастық меморандумы жасалғанын айтып, сол меморандумның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, Сырым аудандық сотымен 2018 жылдың 1 тоқсанында өткізілген медиация тәртібін қолдану барысында өткізілген жұмыстарға тоқталды.

Прокурор Қ.Төремұратов – сотқа дейінгі теріс қылықтарды, жеңіл және орта дәрежедегі қылмыстарды тергеу кезінде, ел ішінде даулы фактілер анықталса, оларға медиация тәртібін қолданып қоғамдық медиаторлар арқылы шешу керектігін айтып, түсіндірді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар медиация бойынша туындаған сұрақтарды талқылап, пікір алмасты.

Сот төрағасы Б.Баймуханова күн тәртібінде талқыланған мәселені үнемі бақылауда  ұстауды тапсырды.

Н.Ескабулов,

Сырым аудандық сотының

бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар