12.07.2018, 11:34
Қараулар: 7
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАРАФОН

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАРАФОН

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі сөзсіз.

Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты 9-шы міндетінде сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты екендігін анық атап өткен болатын.

Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Осы мақсатта елімізде, өңірімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған ауқымды бірқатар бағдарламалар қабылданып, көптеген жұмыстар атқарылуда. Сондай тетіктерінің бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып отыр.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2018 жылға арналған кешенді жоспар бекітілді. Аталған жоспардың аясында еліміздің барлық өңірлерінде «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны «эстафета» қағидаты бойынша бастау алған болатын.

Марафонның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру.

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны біздің облысымызда үстіміздегі жылың 28 наурызда Зеленов ауданында бастау алып, содан кейін марафон эстафетасы Тасқала, Ақжайық аудандарында болып, бүгінгі күні Жаңақала ауданына тапсырылды.

Марафон эстафетасы барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмелері жасақталып, дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, спорттық шаралар мен мерекелік концерттер, флэшмобтар, велошерулер және автошерулер ұйымдастырылып, аталған шараларға жастар ұйымдарының өкілдері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері кеңінен қатысуда.

Марафон эстафетасы белгіленген кестеге сәйкес Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарында және Орал қаласында өтетін болады.

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының қорытындысы Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай үстіміздегі жылдың желтоқсан айында өткізілетін болады.

Олай болса, бүгінгі күні қоғамның барлық мүшелерін кеңінен тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен түсіндіру жұмыстарының негізгі бөлігін келешек жас ұрпақтың бойына сіңіру әрі үйлестіру ерекше маңызға ие болып отыр.

Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықпен күресу және оған жол бермеу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы деп санауымыз қажет.

Ринат Мұратов,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар