19.07.2018, 11:18
Қараулар: 259
Сарбаз боп сап түзеу де – бақыт

Сарбаз боп сап түзеу де – бақыт

Бейбіт елдің бесігі мызғымас қорғаныспен шеп құрған қуатты әскердің қолында тербеледі. Еліміздің әр жігітін нағыз азамат, тегеурінді тұлға, темірдей тәртіпті, ержүрек етіп тәрбиелейтін әскерден,  Тайбурылдай тебініп қадам жасап, кірпік қақпай сапта тұрған сайыпқыран сарбаздарымыздың қатарынан Құмаров Ерасыл Жұмаұлы  елге оралды.

Салмақты сөз саптайтын,  кейбір жігіттеріміз сияқты қисық қалжыңы жоқ, тұлғалы, сымбатты Ерасыл Отан алдындағы борышын өтеп келгенін  мойнына артылған бір аманатты абыроймен орындадым деп санайды.

Ерасыл Құмаров 1998 жылы Тоғанас ауылында  Жұма Өтешқалиев пен  Зәру Өтешқалиеваның   шаңырағында дүниеге келді. Ерасылдың алдында үш әпкесі мен бір ағасы бар. В.И.Шубин атындағы  Правда орта мектебінде 9-сыныпқа дейін оқып, Орал қаласындағы №11 колледжге  ауысып, ЭЕМ операторы мамандығын оқыды.

2017 жылдың  сәуір айының 14-інде әскерге шақырылып, 2018 жылдың  16 сәуірінде елге оралды. Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында оқу-жаттығу жұмыстарын өтіп,  сол жерде 2534 әскери бөлімінде шекара қызметінде атқыштар қатарында әскери борышын өтеді. Әскерде жүріп, спортты серік етіп, күреспен айналысып, жүлделі орындардан көрінді.

– Әскери өмірдегі тапсырманы орындауға деген ұмтылыс, қатардан қалмайын деген талпыныс, бір-бірімізге көмектесіп ортақ мақсатта жұмыс жасау көптеген достармен табыстырды. Сарбаз боп сап түзеудің өзі – біле білген адамға бір бақыт»,-дейді Ерасыл Жұмаұлы.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар