19.07.2018, 11:23
Қараулар: 9
Таразы тексеріледі

Таразы тексеріледі

Тұтынушылар көтерме және бөлшек сауда сатушыларымен (супермаркеттерде, дүкендерде мен базарларда) пайдаланылатын таразылар міндетті түрде  Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізіліп, салыстырып тексеруден өту керектігін білуі тиіс. Осы талаптар орындалмаған жағдайда, оларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Салыстырып тексеру – бұл таразының өлшеу дәлдігін, сезімталдығын, көрсету тұрақтылығын анықтау үшін жүргізілетін сынау. Сынақтар түрлі салмақтағы эталондық гір тастарын таразыда өлшеу арқылы жүргізіледі.

Салыстырып тексеру нәтижелері бойынша таразының көрсетуі рұқсат етілген мәндер шегінде болса, онда оны қолдануға жарамды деп танып, салыстырып тексеру туралы сертификат беріледі, ал таразыға салыстырып тексеру таңбасы қойылады.

Егер көрсету дәлсіздігі шекті нормалардан асып кетсе, онда таразы жөндеуге жіберіледі немесе пайдалану үшін жарамсыз деп саналады.

Салыстырып тексерулердің мынадай түрлері бар:

— таразыны бастапқы салыстырып тексеру олар зауыттан шығарылғанда, күрделі жөндеуден кейін, сондай-ақ импорттық таразыларды әкелгенде жүргізіледі

— таразыны мерзімдік салыстырып тексеру – бұл аралық интервал мерзімі өткеннен кейін қолданыстағы барлық таразылар үшін жүргізілетін міндетті процедура

— таразыны кезектен тыс салыстырып тексеру егер жабдық қайта құрастырылса, сертификат жоғалса немесе салыстырып тексеру таңбасы бүлінген болса, таразының жұмыс жасауында қандай да бір қателіктер болған жағдайда немесе ұзақ мерзімді сақтаудан кейін жүргізіледі

— таразыны инспекциялық салыстырып тексеру тергеу немесе таразыны қолданушы кәсіпорынды кезекті тексеру барысында жүзеге асырылады

— таразыны сараптық салыстырып тексеру өлшеу дәлдігіне қатысты даулы мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады.

Тұтынушылар Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 22-бабына сәйкес өлшеу сенімділігіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментіне (Орал қ., Х.Чурин көшесі, 116 үй, 311, 312 кабинет, тел: 506-508, 510-161) жүгіне алады.