26.07.2018, 17:34
Қараулар: 9
МОДУЛЬДІ МАЛ СОЮ ПУНКТІ

МОДУЛЬДІ МАЛ СОЮ ПУНКТІ

Өткен жолы хабарлағанымыздай Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында «Ынтымақ» бағдарламасы аясында «Атамекен-Сырым» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің модульді мал сою пункті іске қосылған болатын. Модульді мал сою пункті заманауи талапқа сай жабдықпен толыққан, маусымына 10 малды бірдей қабылдай алатын мал сою алаңынан, сыйымдылығы ауысымына 4 тонна өнім сақтау мүмкіндігі бар тоңазытқыш бөлігінен және ветеринарлық зертханадан тұрады. Пункт қызметінің бағасы жалпы халық үшін 5000 теңге. Бұл жерде мал етінің сапасы арнайы аттестациядан өткен ветеринар маманның қадағалауында болады. Сондықтан да аудан тұрғындары, маусымды мал сою кезеңдері үшін аталған пункт сіздер үшін қалтқысыз қызмет көрсететін болады.

 

Мархат ГУМАРОВА

Жымпиты ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар