26.07.2018, 17:51
Қараулар: 105
Кеудемді мақтаныш кернеді

Кеудемді мақтаныш кернеді

Астана қаласын талай рет теледидардан көріп жүрміз, бірақ көзбен көру ерекше әсер қалдырады екен, өркендеп дамыған, көшелері кең, көркейтіліп абаттандырылған, жасыл желектерге оранған еліміздің астанасы үшін кеудемді мақтаныш сезімі кернеді.

Сондай-ақ қаланың көрікті жерлерін аралау барысында ұлттық музейде болғанымда көне түркілердің Күлтегін, Тоныкөк қағандардың құлпытастарын көргенімде ерекше толқыныста болдым, арғы ата-бабаларымыздың тасқа қашап жазған руникалық жазуларына  тарихшы ретінде  қатты қызығушылығым артты. Астана бас қала әрі жас қала  оған қоса шаһарға ерке Есіл өзені айрықша реңк беріп тұр. Елбасының және Қазақстан Республикасы үкіметінің еліміздің экономикалық қуатын арттырып әлемнің дамыған  30 озық елдерінің қатарына қосу бағытында ұстанған бағытының оңтайлы іске асып жатқаны Астананың зәулім әрі сәнді ғимараттары арқылы айқын аңғарылып тұр. Тарихи өлшеммен қарағанда Астананың 20 жылдығы қас-қағым сәт қана, ал осы жылдарда атқарылған игі істердің  ауқымын кейбір елдер 100 жылда шаққа атқарған болар еді.

Қанат ҚҰЛМҰҚАН,

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші-маманы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар