26.07.2018, 18:02
Қараулар: 14
Елді қорғау ердің ісі

Елді қорғау ердің ісі

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Ел бостандығы жолында жанын қиған аталарымыздың ерлігін жалғастыру бүгінгі ұрпақ, яғни сіздерге аманат. Себебі, сіздер батыр да, төзімді халықтың ұрпағысыздар. Еліміздің болашағы өз қолдарында.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғары Бас Қолбасшысы – мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз тыныш, іргеміз берік, берекелі ел болып отырмыз. Ел – еріне сенеді.  Отан қорғаушыларды әскери өмірге баулып, олардың ұстазы әрі ақылшысы болатын әскери мамандардың мойнында үлкен міндет бар.

Отан қорғау – бұл ер азаматтардың бойына біткен қасиет. Енді міне ұрпағымыз есейіп, азамат атанды. Ердің абыройы еліне сіңірер еңбегімен өлшенетінін естен шығармаңыздар.

Қазіргі уақытта Қарулы Күштерде бірінші кезекте Әскери қызметшілерді және олардын отбасын баспанамен  қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Әскери гарнизондарда жаңадан үй салу, ескі үйлерді қазіргі заманға сай күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  Биылдың өзінде әскери қалашықтар көптеп бой көтеруде. Ондай қалашықтарда әскерилердің отбасыларының күнделікті өмірлеріне қажетті барлық жағдайлар жасалған.

Қорғаныс Министірлігінің биылғы бюджеттік жоспарында  жаңадан тұрғын үй салу үшін және күрделі жөндеу үшін қаражат қарастырылған.  Бұдан басқа да әскери қызметшілерді үймен қамтамасыз ету мақсатында жалға алу, ипотекаға алу мүмкіндіктері қарастырылуда.

Қарулы Күштердегі әскери қызметшілердің жағдайын жасауда көптеген игі істер атқарылуда. Осыған байланысты ҚР 2012 жылғы 16-шы ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы занының негізінде, ҚР Қарулы Күштері қатарында  әскери борышын өтеп келген 30 жасқа дейінгі солдат сержант құрамындағы әскери міндеттілерді, ҚР Қорғаныс Министрлігінің әскерлеріне  Атырау,     Ақтау және Ақтөбе қалаларында орналасқан  әскери бөлімдеріне келісім-шарт бойынша қызметке шақырамыз.

Толығырақ мәліметті 31-275  телефонымыз арқылы   немесе Сырым ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келіп білулеріңізге болады.

 

А.Дюсембиев,

Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар