26.07.2018, 18:08
Қараулар: 139
Егістіктегі еңбек – ел игілігіне

Егістіктегі еңбек – ел игілігіне

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев орынбасары Ерболат Ахметов және аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қонысбай Молдағалиевпен бірге  егістік алқаптарын аралап, егінжайдың жағдайымен танысты. 

Аудан орталығынан ертемен аттанған аудан әкімі алдымен Шолақаңқаты ауылдық округіне тиесілі  егістікке ат басын бұрды.  Мұнда «Абай» ШҚ  715 га егін алқабына  күздік бидай, қара бидай,  арпа, жаздық бидай тұқымын салыпты. Ал, «Құспанкөл» ШҚ  1040 га, «Қарағанды» ШҚ 1080 га, «Правда» ШҚ 1015 га, «Нұрдәулет» ШҚ  350 га, «Орал» ШҚ 150 га,  «Самға» ШҚ 1068 га,  «Бәйтерек» ШҚ 100 га,  «Төре» ШҚ 162 га,  «Жас дәурен» ШҚ 150 га,  «Баубек» ШҚ 50 га,  «Жайлау» ШҚ 50 га, «ГСУ»  140 га  алқапқа егіс еккен.

Талдыбұлақ ауылдық округіндегі  «Рауан» ШҚ  250 га,  «Бахтияр» ШҚ 150 га,  «Шырдай» ШҚ  1828 га, «Тінәлі» ЖШС 2400 га, «Манас» ШҚ 40 га, «Күшпен» ШҚ 60 га, «Н-Ақниет» ШҚ 75 га, «Атансай» ШҚ 130 га егіннен үміт күтіп отыр.  Алғабас ауылдық округіне қарасты  «Долина» ШҚ-ның 500 га егістік алқабы бар.  Елтай ауылдық округінің «Маһарша» ШҚ 30 га жерге дән сіңіріпті.

Аралтөбе ауылдық округінде «Жайсаң» ШҚ 200 га, «Сайнов А» ШҚ 580 га, «Наурыз» ШҚ 1500 га,  «Керей» ШҚ  200 га егістікке ие.

Шаруа-диқандардың еңбегінің арқасында өнім өсіп келеді.  Т.Төреғалиев жергілікті шаруалармен егіннен алынатын өнім, ору уақыты, техниканың дайындығы жайында пікірлесті.  Ауылшаруашылық  саласында, егін егуде мол тәжірибесі бар аудан басшысы әр алқаптағы масақтың дәнін санап, жердің ылғалдылығын қарап, әр гектардан қанша өнім алынатынын  шамалады.  Мысалы, «Самға» ШҚ-ның мақсарысы, «Тінәлі» ЖШС-ның күнбағысының шығымы, бір жылдық екпешөптердің жағдайы көңіл тоғайтады. Қожалықтар екпешөпке орақ салуды бастап кетіпті.  Ал, кейбір  алқаптарда  іші қуыс, дәнсіз бидай масақтары да бар. Ауа райының құрғақшылығына орай шаруа қожалықтарында үміт те, күдік те жоқ емес. Аудан басшысының айтуынша, өнімді мол алу – тек ауа райына ғана емес, жерді  әуелгіде күтіп-баптау, дайындауға да тәуелді.

– Аудан жалпы 11 600 гектар жерге дәнді дақылдар екті.  Биылғы жаздық бидайдың орташа шығымдылығы гектарына 2-3 центнерден аспайын деп тұр. Күздік қара бидайдың шығымдылығы 4-5 центнердің айналасында болады деп күтілуде. Күздік бидай да  әр гектарға 4-5 центнер өнім береді. Біржылдық екпешөптердің шығымы алды 10 цн-ден,  орташасы 7-8 цн-ден келейін тұр. Биылғы мал азығын қамтамасыз етуге  бұл жаман көрсеткіш емес. Егістік алқабын аралаудағы мақсатымыз – аудандағы егіс көлемін, оның шығымдылығын анықтау. Жем, дәнді дақыл аудан халқына жетпейтін болса, қосымша басқа өңірден, Солтүстік Қазақстан облысынан әкелуге облысқа ұсыныс түсіретін боламыз. Ауылдық жерлерде көптеген  тұрғындар малды бордақылаумен айналысады. Сондықтан, ауданға жем, дәнді дақыл молынан қажет,- дейді Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев.

 

Шынар

МОЛДАНИЯЗОВА

 

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар