26.07.2018, 18:16
Қараулар: 4
Бағдарламаның игілігі бар екен

Бағдарламаның игілігі бар екен

Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мені «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының ІІІ бағыты шеңберінде, «Бастау бизнес» жобасы бойынша шағын кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберді. Бұл оқуға өту үшін әуелі тест тапсырдым. Шағын кәсіпкерлік бойынша оқу 2018 жылдың шілдесінен басталды.

Оқуды бизнес – тренер Динара Сүйінішқалиева жүргізуде. Біздер қазір кәсіпкерлік негіздерінің 12 модульден практикалық оқу бағдарламасын игерудеміз.

Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Сырым аудандық филиалының жұмыссыз жандардың кәсіпкерлік бастамалар негізі бойынша білім алуына мүмкіндік жасап, әрі қарай бизнеспен айналысып, табысты болуына себеп болып отырғаны өте құптарлық жағдай.  Бағдарламаның игілігін көріп жатқан адам ретінде осындай пікірдемін.

Қуат Жұматаев,

Жымпиты ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар