2.08.2018, 12:20
Қараулар: 435
Таза жағалау – өзен көркі

Таза жағалау – өзен көркі

Өткен сенбіде өзендердің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында аудан бойынша «Таза жағалау» акциясы өтті. Акция мақсаты – өзен мен көлдер, бөген-тоғандардың жағалауына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізіп, салиқалы іске тұрғындар назарын аудару.

Өлеңті өзенінің жағасын аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қызметкерлері және «Жасыл ел» жастар жасағы,  тұрмыстық қалдықтардан, балдырлардан тазартты. Акция шеңберінде тек аудан орталығындағы Өлеңті өзені ғана емес, барлық ауылдық округтерге тиесілі өзен-көлдердің айналасына тазалау жұмыстары жүргізілді.

Қатты тұрмыстық қалықтары шығару үшін «Камаз» көлігі жұмылдырылды.

Акция соңында жастарға «Таза жағалау» атты ақпараттық-түсіндірмелік парақшалар үлестірілді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар