2.08.2018, 12:23
Қараулар: 117
Несие арқылы несібеңді молайт!

Несие арқылы несібеңді молайт!

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласындағы несиелендіруге қатысты жиын өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов төрағалық етті.

Отырысқа Батыс Қа­зақстан облысының ауыл шаруашылығы бас­қармасының бас маманы Жанна Қалешова, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалының маманы Адиет Орашев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалының маманы Талап Бисенбаев, «ҚазАгроКепіл» АҚ БҚО өкілдігінің директоры Досқан Салықов қатысты.

Сала мамандары  ауданның шаруашылық құрылым  басшыларына «Іскер», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Сыбаға», «Кәсіпкер» бағдарламалары туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ жиында «Сырым» несие серіктестігінің жұмысын  жандандыру туралы айтылды.

Шынар ХАЛИТ