9.08.2018, 17:06
Қараулар: 410
Марафонды Сырым ауданы қабылдады

Марафонды Сырым ауданы қабылдады

Наурыз айынан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі облыс аудандары арасында «Адал жол – честный путь» жобасы аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон жариялаған болатын. Жақында Жымпитыда Қазталов ауданы осы марафонды салтанатты түрде Сырым ауданына табыстады.

–        Сыбайлас жемқорлық – тәуелсіздіктің дамуын тежейтін ауыр дерт. Мемлекет парақорлықпен күрестің озық шараларын қабылдады. Бірақ, жемқорлықпен күрестің негізгі бағыты пара алған я болмаса пара берген адаммен күресу емес, ең әуелі қоғамдық сананы өзгерту. Марафон аясында, Қазталов ауданындағы барлық ауылдық округте мемлекеттік қызметті тұтынудың электронды бұрыштары ашылды. Бұл мемлекеттік қызметтің ашықтығы үшін керек. Марафон Сырым ауданы үшін де өте нәтижелі  болады деп ойлаймын. – деді Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков. Марафонды қазталовтық әріптесінен Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қабылдады.

«Адал  жол – честный   путь» жобасы аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоншыларды қарсылау мақсатында Сырым ауданының белсенді жастары Шолақаңқаты ауылдық округіндегі Сырым батырдың кесенесінен бастап,  Сырым ауданының орталығындағы басты көшелері арқылы автокеруен ұйымдастырды.

Түске дейін марафоншылар аудандық музей мен саябақтарда болды. Бұдан бөлек, Қазталов ауданынан арнайы келген кәсіпкерлер тәжірибе алмасу мақсатында Жымпитыдағы кәсіпкерлік нысандарының жұмыстарымен танысты.

Марафон Сырым ауданында екі апта аялдайды. Содан соң  Қаратөбе ауданына табысталатын болады.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар