9.08.2018, 17:08
Қараулар: 103
Мемлекеттік қызмет – жауапты міндет

Мемлекеттік қызмет – жауапты міндет

Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында «өте жақсы жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өткені бәрімізге мәлім. Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік  қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.

Мемлекеттік қызметшінің құзыреттері:

Қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделділік, өздігінен даму,     қызметті тұтынушыға бағдарлану, қызметті тұтынушыны хабарландыру,         парасаттылық,        жауапкершілік, бастамашылдық, стреске төзімділік.

Мемлекеттік қызметшілер активтердің түгелдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік міндеттерді атқару үшін сеніп тапсырылған, материалдық-техникалық ресурстарды (мүлік, көлік, жабдықтар, кеңсе заттары және т.с.) күтіп ұстауға талпынуға  тиіс. Мемлекеттік қызметшіге сеніп жүктелген ресурстарды барынша ұтымды және тек қызметтік мақсатта тиімділік пен үнемділік қағидаттарына сәйкес пайдалану және мемлекет активтерін жеке мақсатта қолданбайтын және басқа тұлғаларға осындай іс-әрекеттерді жасауға мейлінше тосқауыл қоя білу.

Азаматтармен қарым-қатынас

Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады. Біз әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге ұмтылуымыз керек.

Азаматтармен қарым-қатынас жасау кезінде біз төмендегілерді ұстануға тиіспіз:

  • өз ойымызды дұрыс және дәлелді түрде баяндау;
  • сөйлеп отырған адамның сөзін бұзбай, азаматтың сұрақтарын мұқият тыңдау, әңгімелесушіге ізгі ниеттілік пен құрмет білдіру;
  • толық кеңес беру және болуы мүмкін тәуекелдер туралы азаматтарды хабарландыру;
  • жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге, мүгедектерге ізгі ниетпен қарау, оларға қажетті көмекті көрсету.

Мұндай қарым-қатынас мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Бұдан басқа, жұмыстан тыс уақытта бізге рухани баю үшін мәдениет және демалыс мекемелеріне бару керек, қайырымдылық пен қоғамдық қызметке қатысу, мүмкіндігінше волонтерлық қызметпен айналысу және т.с. қажет. Бұл ретте, бізге мас күйде қоғамдық орындарда болу, адамның  ар-намысына тіл тигізу, заңнаманы бұзу, қоршаған адамдардың тәртібі мен қауіпсіздігіне  қол сұғу сынды адамгершілікке жатпайтын қылықтарға жол бермеу керек. Әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлқымызға жауапты екенімізді, ал кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатындығын есте сақтауымыз қажет.

Қызметтік қарым-қатынастағы мінез-құлық

Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын құру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау — біздің жалпы міндетіміз.

Қолайлы жұмыс атмосферасы мемлекеттік қызметшіге өз әлеуетін ашуға, өз көзқарасын ашық айтуға, білімімен бөлісуге және жалпы міндеттерді орындауда ұжымды жұмылдыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.

Біз өз қызметтік міндеттерімізді орындауда мынадай қағидаларды ұстануымыз қажет:

  • Өз әріптестерінің тарапынан қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеу бойынша оларды тоқтату не шаралар қабылдау;
  • Ұжымдағы әріптестердің ар-намысын қаралайтын олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартыну;
  • Әріптестердің лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге жол бермеу;
  • Ұжым ішіндегі қарым-қатынастың маңызды құрамдас бөлігі «басшы-бағынышты қызметкер» жүйесіндегі зара қарым-қатынас болып табылады;
  • Басшы, оның бағыныштылары-қызметтік функцияларды атқарушылар ғана емес, сонымен қатар бірге өз қызығушылығы, жұмыс және оның құндылықтарды туралы жеке пікір бар тұлғалар екендігін есте сақтауы тиіс;
  • Басшы қызметкерлерімен қарым-қатынас жасауда мыналарды ескеруі тиіс:
  • Өз мінез-құлығымен бейтараптық, әділдік, риясыздық үлгісі болу;
  • Әрбір қызметкерге құрметпен қарау, оның өзіне, өз қабілетіне, өз кәсіби әлеуетіне деген сенімді нығайту;
  • Кадр мәселесін шешу кезінде туысқандық, жершілдік және жеке берілгендік белгілеріне артықшылық бермей, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
  • Заңға қайшы әрекеттерді, сондай-ақ жалпыға ортақ моральдық әдеп нормаларымен үйлеспейтін әрекеттерді жасауға мәжбүрлемеу;
  • Еңбекті қорғауға, денсаулықты сақтауға бағытталған шараларды қабылдау, тиімді қызмет үшін қажетті қауіпсіз жағдайларды жасау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намысына қол сұғуды және кемсітушіліктің барлық түрлерін жоққа шығаратын қолайлы моральдық-психологиялық атмосфера жасау.

Жария сөз сөйлеу және БАҚ-пен қарым-қатынаста  да мемлекеттік қызметшінің өзін қалай ұстау қағидаларын қатаң сақтауға тиіспіз. Сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдалану барысында барлық нормаларды сақтаған абзал. Ол біріншіден өзіңнің имиджің үшін өте маңызды. Интернет желісін басқа қолданушылармен әңгімелесуде сыпайылық таныту, құпия немесе жабық ақпаратты жарияламау сияқты тәртіптерді сақтаған дұрыс. Мемлекеттік қызметте іскерлік этикет және ресми мінез-құлық қағидалары маңызды рөл атқарады. Оларды қатаң сақтау біздің іске деген байыпты қатынасымызды, демек, жоғары кәсібилікті көрсетеді. Іскерлік этикет қағидалары барлығына бірдей және әрбір мемлекеттік қызметші дәрежесіне қарамай оны білуге міндетті. Жалпыға ортақ іскерлік этикет қағидалары мыналардан тұрады:

Жұмыс уақытын тиімді және орында қолдану,

Дресс-кодты сақтау;

Қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас;

Іскерлік келіссөздер;

Тайм менеджменттің негіздерін меңгеру;

Әңгімелесушіге құрмет;

Телефон этикеті.

Мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық өкілеттілігін объективті орындауда жеке мүддесінің әсер етуіне жол бермеуі қажет.

Мүдделер қайшылығы мемлекеттік қызметші іс-қимылдарға қатысқанда немесе оны алаңдататын не жұмысқа толық кірісуге және қызметті алушыға ізгі ниетті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін, не жұмыста қабылдайтын шешімге заңсыз тұрғыда әсер етуі мүмкін оның жеке (қаржылық) мүддесі болғанда туындайды. Мүдделер қайшылығы туындаудың потенциалды мүмкіндігі пайда болған жағдайда мемлекеттік қызметші бірден жазбаша түрде өзінің тікелей басшысын туындаған мүдделер қайшылығы немесе оның туындауының мүмкіндігі туралы хабардар етуі қажет.

Мемлекеттік органдардағы әдептілік нормалардың сақталуы көбіне басшының беделіне байланысты. Басшының іс-әрекетінен адалдық пен парасаттылық қасиеттерін көрген ұжымда жұмысқа деген қөзқарас оңтайлы бағытта қалыптасады.

Басшы қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасауда келесі қағидаларды ұстануы тиіс:

  • Қызметкерлерге қызығушылық таныту, оларға ілтипатпен қарау;
  • Нұсқауларды дұрыс бере білу;
  • Бастамашылдықты және іске деген шығармашылық тәсілді қолдану;
  • Іскерлік этикет қағидаларын сақтау;
  • Ұжымдағы әдептік бұзушылықтардың алдын алу.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызметінде заңға деген құрметті әдетке айналдыру қажет, ал заңдылықтың өзі жоғары мәдени құндылық ретінде қабылдануы тиіс. Заң бойынша өмір сүру құқықтық мемлекетке жетістікке қол жеткізуді көздейтін барлық адамдар үшін норма болуы керек.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын жаңғырту процесінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының арасында, клиентке бағдарлану  қағидаты кірген өзара қарым-қатынастардың жаңа форматына өту жүзеге асырылды.

Сондықтан мынадай талаптарды сақтау қажет:

  • Тиімділіктің ең жоғарғы стандарттарына қол жеткізуге ұмтылу;
  • Жаңа білік-дағдылардың қажеттілігін мойындай біліп, оларды тәжірибеде тиімді қолдана білу;
  • Жоғары әдеп стандарттарын ұстану;
  • Халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануының жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
  • Біз көрсеткен мемлекеттік қызметтер сапасын бағалай отырып, азамат мемлекеттік органның жалпы жұмысының сапасына баға беретінін ескеруіміз керек.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметшілер тиісті әдеп және мінез-құлық нормаларын үнемі сақтай жүріп, мемлекеттік аппараттың жұмысын тиімді атқаруда біздің де үлесіміз бар екенін ұмытпайық.

 

 

Е.Сәрсенов,

аудан әкімі аппаратының басшысы,

Әдеп жөніндегі уәкіл