9.08.2018, 17:10
Қараулар: 576
Оқушыларға демеушілік көрсетілді

Оқушыларға демеушілік көрсетілді

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте  «Мектепке жол»  акциясы шеңберінде «Мейірімділік – асыл қасиет»  атты қайырымдылық марафоны «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен өтті.

Акция барсында «Гумарова О.К.» ЖК 5 оқушыға,  «Мурадимова» ЖК 2 оқушыға,  «Жібек жолы» ШҚ 4 оқушыға,  «Мұханов» ЖК  2 оқушыға, «Бахметова» ЖК 1 оқушыға сөмке алып берді.

Аудандық мекемелер де «Мектепке жол» акциясына үлес қосып,  Сырым ауданы әкімдігі 2, аудандық мәслихат аппараты 2, Жымпиты ауылдық округі 2, аудандық балалар саз мектебі 2 балаға демеушілік көрсетті.

Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәлімжан Қыдыралин сөз сөйлеп,  Айсана, Аружан  Мұратовалар «Ата-әже» әнін орындады.

 

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар