16.08.2018, 10:30
Қараулар: 9
 » 
Қазіргі заманғы діни ахуал

Қазіргі заманғы діни ахуал

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын дін мәселесі «өткір мәселе» қатарына қосылды. Жалпы, тарихты – халық рухы десек, дін оның алтын бесігі десе болады.

Алайда, бүгінде бұл ұғым керітартпа түсініктердің кесірінен кері кетіп бара жатқан секілді. Өзінің ұлтын, салт-дәстүрін, тарихын ұмытқан, мойындамаған жас ұрпақ қоғам дертіне айналған деструктивтік діни ағымдардың жетегінде кетуде. Болашақ ұрпақты имандылыққа тәрбиелей отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу – бүгінгі тәрбиенің басты міндеті, ересектердің парызы. Сондықтан да имандылықтың негізгі құралы халық даналығы, дәстүрі мен діннің тәрбие жөніндегі пікірлері. Өйткені екеуі бір-біріне ұқсас. Бүгінде отансүйгіштікті, ұлтжандылықты, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудың парыз екендігін егжей-тегжейлі түсіну, осы ұғымдарды әрбір отандасымыздың қаны мен жанына сіңіріп, адамгершілік қадыр-қасиетіне айналдыру аса маңызды. Терең біліміне сай өнегелі тәрбие алған иманды азамат – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

А.БаяндыҚов,

Жымпиты ауылдық

округінің әкімі