16.08.2018, 10:32
Қараулар: 10
Кітапхана – адамзаттың рухани азығы

Кітапхана – адамзаттың рухани азығы

Аудандық кітапханада  Елбасымыздың «Рухани жаңғыру», «ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында  кітапхана  мамандары, білім беру қызметкерлері, БАҚ өкілдері арасында «Кітапхана – білім ордасы» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Мақсат Баялиев, «Сырым жастары» ЖҚБ төрағасы Нұртілеу Болат, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысының міндетін атқарушы Айгерім Серікқалиева, ааудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директорының міндетін атқарушы Раушан Мұханбетқалиева  және кітапханашылар қатысты.

«Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Т.Дарғожиев «Нұр Отан» партиясының қызметін жандандыру мақсатында  жаңадан 22 жоба қабылданып, Елбасының «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларының қарқынды жүзеге асырылуына басымдық берілуде екенін айтты.

Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері М.Баялиев ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатырған ауқымды істермен таныстырып, соның ішінде аудан орталығындағы қос мектепте – ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі және Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінде музей ашылғанына  тоқталды.  Дөңгелек үстелде жастар, кітапханашылар, БАҚ өкілдері пікірлерін ортаға салып, кітапхананың білім ордасына айналатынына, онлайн кітаптар кез-келген жерде смартфон арқылы оқуға тиімді екенін айтты.

Шынар Яудақызы