16.08.2018, 11:00
Қараулар: 402
Камералдық бақылау – мемлекеттік сатып алулар саласындағы бұзушылықтарды жою шарасы

Камералдық бақылау – мемлекеттік сатып алулар саласындағы бұзушылықтарды жою шарасы

ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, мемлекеттік сатып алуларды бақылау рәсімі, ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті орган құзыретіндегі Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне (бұдан әрі – Департамент) жүктеулі.

Аталған өкілеттілік шеңберінде, Департамент камералдық бақылауды ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен және камералдық бақылауды өткізу Ережелерімен белгіленген, ҚР Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген тәртібінде жүзеге асырады.

Камералдық бақылау — ақпараттық жүйелер деректерін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстырып тексеру негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне бармай Комитет және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын бақылаудың өзге нысаны.

Бақылаудың өзге формаларынан камералдық бақылаудың негізгі ерекшелігі:

– уақытылығы; бұзушылықтар – постфактум емес, яғни шарт жасасқаннан кейін және шарттық міндеттемелердің орындалуы барысында анықталмайды, онлайн режимінде мемлекеттік сатып алуларды жүргізу процессі барысында анықталады;

— бақылау – нысанға бармай-ақ, мемлекеттік сатып алулар веб-порталы арқылы жүргізіледі;

— бақылау – сұраныстарды жолдамай-ақ, веб-портал және мемлекеттік органдардың өзге де ақпараттық ресурстарында орнатылған құжаттар бойынша жүргізіледі;

— процесстің толық автоматтандырылуы.

Камералдық бақылаудың негізгі мақсаттары болып табылады: бұзушылықтардың уақытылы алдын алуы және жол болдырмауы, мемлекеттік сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін азайту, мемлекеттік сатып алуларды жүргізудің ашықтығы, бәсекелестік ортаны ұлғайту, әкімшілік тосқауылдарды азайту, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға тең мүмкіндіктерді ұсыну, мемлекеттік аудит нысанына камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою  құқығын беру және мемлекеттік аудит нысандарына әкімшілік ауыртпалықтарды азайту.

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін Департаментпен мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезіндегі келесі бұзушылықтарды анықтау жұмысы жүргізіледі:

1) мемлекеттік сатып алуларға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз қиындататын немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігінен тікелей туындамайтын, әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу;

2) тауарлық белгілерге, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың пайда болған орнының атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ тұтынылатын тауардың, жұмыстың, жекелеген әлеуетті өнім берушіге көрсетілетін қызметтің тиесілігін анықтайтын өзге де сипаттамаларына нұсқаулықтың мазмұны;

3) әртекті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді лоттарға бөлмеу;

4) заңмен белгіленген қысқа қызмет көрсету, жеткізу мерзімдерін белгілеу;

5) қайтарып  тастаудың толығырақ себебіне алдын-ала рұқсаттың хаттамаларда көрсетпеу

6) қайта беру құқығынсыз негізсіз қайтарып тастау;

7) қатысушыларды заңсыз қайтарып тастау/жіберу, сондай-ақ шартты жеңілдіктерді негізсіз қолдану/қолданбау;

8) бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілін заңсыз таңдау

9) және т.б.

Анықталған бұзушылықтар нәтижелері бойынша веб-портал арқылы бақылау нысанына Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды он күн ішінде өз бетімен жойған жағдайда лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды.

Сөз жоқ, мемлекеттік сатып алуларды камералдық бақылау нәтижелері бойынша қабылдану шаралары — мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманың бұзылуын хабарламаны жариялау сәтінен бастап мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартының  жасалуына дейін шегеруге, әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікке мүмкіндік туғызуға, ол өз кезегінде бюджеттік қаражаттардың орынды жұмсалуына және олардың уақытылы игерілуіне жол береді.

Бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алулар әкімшілеріне және ұйымдастырушыларына қолданыстағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасын тұрақты негізде зерттеуге және мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуына және жүргізілуіне жауапты тұлғаларға техникалық оқуды өткізуге ұсыныс береді.

В.Пак,

БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті

басшысының орынбасары