16.08.2018, 11:05
Қараулар: 10
Әділет басқармасы қадағалайды

Әділет басқармасы қадағалайды

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу функциясы  әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына берілді.

Сырым аудандық Әділет басқармасы  ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылғанын хабарлайды.

Бұл заңмен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу функциясы  әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына берілуі көзделген.

Жоғарыда аталғанның негізінде 2018 жылдың 30 шілдесінен бастап тіркеуші орган болып «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы табылады.

Сырым аудандық Әділет басқармасы уәкілетті орган болып, тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Сондай-ақ         егер жеке және заңды тұлғалар  жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды  тіркеу мерзімін өткізіп алса Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстің 460 бабымен белгіленген жауапкершілікке тартады.

Н.Қайыржанова,

Сырым аудандық Әділет  басқармасының  басшысы