16.08.2018, 11:10
Қараулар: 578
2018 жылдың қаңтар-шілдесіндегі Сырым ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

2018 жылдың қаңтар-шілдесіндегі Сырым ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Экономиканың нақты секторы
2018 жылдың 1 жартыжылдығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 91,7 млн. теңгені құрап отыр.
Кәсіпорындар мен ұйымдар
2018 жылдың 1 шілдесіне ауданда меншік нысандары бойынша барлығы 215 заңды тұлғалар тіркелген, олардың ішінде 78-і мемлекеттік кәсіпорындар, 137-сі жеке нысандар. Тіркелген шаруа қожалықтарының саны 587 бірлік.
Ауыл шаруашылығы
Мал шаруашылығында, аудан бойынша мал басы төмендегідей көрсеткіштермен сипатталып отыр.
Ірі қара басы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға өсіп, 50,4 мың бас болды. Қой мен ешкі басы өткен жылмен салыстырғанда 89,0 пайыз, 103,0 мың, жылқы басы 14,0 пайызға артып 19,0 мың басты құрады, түйе – 114,8 пайызды құрап, 62 бас болды, құс саны 18,2 мың басты құрады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру
Ауданның барлық шаруашылық санаттары бойынша 6 ай қорытындысы бойынша 2876,5 тонна ет өндірілді, бұл көрсеткіш 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 101,5 %, 5929,9 тонна сүт (101,5 %) дайындалды, 797,9 мың дана жұмыртқа (100,5 %) алынды.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 2670,5 млн теңге құрады немесе 101,4 %.
Құрылыс және инвестиция
2018 жылдың 6 айында ірі және орта кәсіпорындар бойынша орындалған құрылыстық жұмыстардың көлемі 217,4 (117,6%) млн.теңге құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы көлемі 2831 шаршы метрді құрады (124,5%).
2018 жылғы қаңтар-шілдедегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 241,3 млн. теңге (43,5%) болды.
Сауда
2018 жылдың 6 айында бөлшек сауда айналымы 1848,3 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 91 % құрады.
Демографиялық жағдай
2018 жылдың 6 айында аудан халқының ағымдағы есепті саны 18995 адамды құрады.
Халықтың көші-қоны
2018 жылдың 2 тоқсанында ауданға келгендер 263 адам, кеткендер 446 адамды құрады, көші-қон айырымы – 183 болды.
2018 жылдың қаңтар-шілдесінде негізгі демографиялық көрсеткіштері бойынша ауданда туылғандар саны 154 адам, өлгендер саны 61 адамды құрады.
Қылмыстылық
2018 жылдың 2 тоқсанында аудан бойынша 58 қылмыс тіркелді.
Сырым ауданының статистика басқармасы