16.08.2018, 11:11
Қараулар: 453
Мемлекеттік қызмет майталманы

Мемлекеттік қызмет майталманы

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев мемлекеттік қызмет ардагері Сержан Жиенқұлұлын арнайы қабылдап, мерейлі жасымен құттықтады. Сержан Жиенқұлұлы еңбек жолын 1971 жылы Жымпиты малдәрігерлік станциясында мал дәрігері болып бастап, 1973-1977 жылдары Бөрлі ауданында “Ақбұлақ” совхозында мал дәрігері, 1977-1980 жылдары Жымпиты ауданында “Бұлдырты” совхозының бас мал дәрігері, 1980-1989 жылдары Абай атындағы совхоз партия комитетінің хатшысы,  1989-1993 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы, 1993-1995 жылдары “Тасқұдық” совхозының директоры, 1996-2000 жылдары Өлеңті ауылдық округі әкімі, 2001 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы қызметін абыроймен атқарды.

Аудан басшысы ардагерге ұзақ ғұмыр, денсаулық тілеп, арнайы құттықтау хат тапсырып, шапан кигізді. Өз кезегінде Сержан Жиенқұлұлы да аудан басшысына құрметі үшін ризашылығын білдірді.

Мархат Гумарова

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар