23.08.2018, 11:55
Қараулар: 413
Балалар түнгі уақытын қайда өткізеді?

Балалар түнгі уақытын қайда өткізеді?

БҚО ІІД ЖПҚ-нен 01.08.2018 жылы № 31-31-4-52/4863-и санды нұсқауына сәйкес, 2018 жылдың 3-5 тамызы 1 кезең, 10-12 тамыз күндері аралығында  2 кезең    «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс шарасы Сырым ауданы аумағында  Сырым АІІб-нің қызметкерлерімен және білім беру, денсаулық сақтау, жастар мен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және де басқа да құзырлы органдардың қатысуымен оздырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, жасөспірімдерге алкогольдік өнімдерін сатуды, түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс немесе көңіл көтеру мекемелерінде болуын анықтау және т.б. құқықбұзушылықтарды анықтау бағытында, сонымен қатар жасөспірімдердің олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Іс-шара кезінде жоғарыда аталған мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағындағы жастар көп шоғырланатын орындарда, саябақтарда кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүру фактілерін анықтау бағытында рейд жүргізілді.  Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөліміне сай тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23:00 ден 06:00 аралығында жүрген 12 жасөспірім анықталып, ата-аналарына әкімшілік хаттама жасақталып, ескерту түрінде шара қолданылды.  Егер 1 жыл ішінде қайталанса, ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне 15 /айлық есептік көрсеткіш/ АЕК айыппұл салынатындығы түсіндірілді.

Іс-шара кезінде 1 ата-ана  «қолайсыз отбасы» санаты бойынша есепке қойылды.

Балаларымыздың қайда жүргенін, немен айналысып жүргенін, кіммен араласып жүргенін басты назарда ұстағанымыз абзал.

 

Нұрлыбек Кумаков,

Сырым АІІб-нің ЖПҚ УПИ   капитаны

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар