23.08.2018, 12:05
Қараулар: 148
Әрекетсіз заңды тұлға атанбаңыз!

Әрекетсіз заңды тұлға атанбаңыз!

Сырым аудандық Әділет басқармасы Салық кодексінде әрекетсіз заңды тұлғаларды сот тәртібімен мәжбүрлі түрде жабуға мүмкіндік беретін норманың алғаш рет қарастырылғаны туралы хабарлайды.

Мәжбүрлі түрде жабуға жататын әрекетсіз заңды тұлғаларды іріктеу критерийлері, тәртібі, мерзімі Салық кодексінің 93 бабында бекітілген.

Заңды тұлғаны әрекетсіз деп тану олардың құрылтайшыларына, басшыларына басқа кәсіппен айналысуға, басқа әрекет ететін заңды тұлғаның заңды басшысы болып тағайындалуға кедергі жасайды, өйткені олардың әрекетсіз заңды тұлғаға қатысы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 11 бабына сәйкес тіркеу процедураларын өткізуден бас тартуға негіз болып табылады.

Егерде атыңызда тіркелген әрекетсіз заңды тұлғаны мәжбүрлі түрде жапқыңыз келсе, жылдың аяғына таман әрекетсіз заңды тұлғаны жабу туралы талап арызбен сотқа жүгінетін мемлекеттік кіріс органдарына хабарласуды ұсынамыз.

Н.Қайыржанова,

Сырым аудандық Әділет

басқармасының басшысы