23.08.2018, 12:09
Қараулар: 13
Құрбан айт — ізгілік мерекесі!

Құрбан айт — ізгілік мерекесі!

Тамыз айының 21 жұлдызы күні Сырым ауданының орталық мешітінде айт намазы оқылды. Намазға жиналған жамағатты Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Намаздан кейін орталық мешіттің ауласында «Сырым» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы және «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне орай жамағат арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Қол күресінен 80 келіге дейінгі салмақта Ержан Есжанов, салмағы 80 келіден жоғары қатысушылардың арасында Темірлан Ғаббасов, кір тасын көтеруден Бауыржан Ширмединұлы, ал арқан тартыстан «Қайсар» тобы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Сырым аудандық орталық мешітінің бас имамы Абдолла Оңаев марапаттады.

Қасиетті мейрам Сырым ауданының әр ауылында, әр жанұясында үлкен құрметпен тойланды. Әрбір үйде құрбандық астары берілді. Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын, Алла ниеттеріңізді қабыл етсін, құрметті жерлестер!

 

 

Ержан Жұмағожиев,

теолог, «Сырым» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының төрағасы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар