14.02.2019, 10:00
Қараулар: 432
Сырым ауданының әкімі дәріс оқыды

Сырым ауданының әкімі дәріс оқыды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының дәрісханасында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев «Әкім сағаты» жобасы аясында «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлерге дәріс оқыды.

Төлеген Серіққалиұлының мемлекеттік қызметтегі, оның ішінде ауылшаруашылығы саласы бойынша тәжірибесі өте бай. Аудан әкімінің дәрісінің тақырыбы да сәйкесінше қызметті ұйымдастыру, басқару және ұжым үшін шешімдерді қабылдау жөнінде болды.

Аудан басшысының дәрісін мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған әріптестері жақсы қабылдаған.

         — Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінің жұмысын ұйымдастыру, атқарушы билік пен шаруалар арасындағы іскерлік байланысты дамыту туралы тәжірибесі пайдалы болды, — дейді академия филиалында дәріс алушы Қоскөл ауылдық округінің əкімі Қанат Мұқанов.

 

Бауыржан Ширмединұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар