15.02.2019, 12:19
Қараулар: 630
АУДАН ӘКІМІ АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Осы ақпанның 15 жұлдызында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 15 жыл толады. Батыс Қазақстан облысы бойынша Ауғанстанда 843 адам интернационалистік борышын өтеген. Соғысқа Сырым ауданының өзінен 70 азамат қатысыпты.

 

Кеше Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев аудандағы ауған соғысының ардагерлері мен олардың жақындарын салтанатты түрде қабылдады. Әкімнің салтанатты қабылдауында ауған ардагерлері Мұрат Айдарханов, Ермек Рахметов, Қази Төлегенов, Аяпберген Төлепбергенов, сонымен бірге Сәлімгерей Бисенғалиев, Серікбай Қабекешов секілді интернационалист – жауынгерлердің аналары Сәния Молдашева, Ақлима Қабекешова, Имашев Серіктің жары Нәсіп Атаулина, Қоныс Әбуғалиевтің жары Райгүл Әбуғалиева және ауған ардагері Дауылбай Көнеевтің ұлы Әділет Көнеев болды. Оларға аудан әкімі тарапынан құттықтау хат және сыйлық берілді.

–  Ауған соғысындағы жауынгер – интернационалистер Отан алдындағы антқа деген адалдықты дәлелдеді. Түсіне білген Аманжол Ғұсманов, Уәлихан Базарбаев сияқты ерлердің, өздеріңіздей азаматтардың өмірлерінде ерліктің өнегесі бар. Осы ерліктер насихатталуы керек. бұл бүгінгі ұрпақтың тәрбиесі үшін қажет! – деді аудан әкімі өзінің сөзінде.

Қабылдаудан шыққаннан кейін аудан басшысы ауған ардагерлерімен бірге Жымпитыдағы Ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіштің басына барып, гүл шоқтарын қойды.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ