15.02.2019, 13:00
Қараулар: 442
ОҚУШЫ ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚУ САЙЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ОҚУШЫ ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚУ САЙЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Сырымдық оқушы Рафхат Қайыржанов ҚМДБ Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мен Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы қазақ – вайнах «Достық» клубы ұйымдастырған оқушылар арасындағы Құранды жатқа оқу жарысында І орынға ие болды, деп хабарлайды Сырым аудандық орталық мешітің бас имамы Әлішер Ералиев. Жарыс бүгін Орал қаласындағы облыстық орталық мешітте өтті.

Сайысқа ҚМДБ өңірдегі өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов, облыстық орталық мешіттің азаншысы Асхат Асылбеков және қалалық  Мұхаммед Ғариф Тулбаев мешітінің найб имамы Саят Қанатқали қазылық қылды. Олар Құран жарысына қатысушыларды қасиетті Құран Кәрімді 30 – шы парасының Әл – Ғошия сүресінен төмен қарай жатқа айту, дауыс әуезі мен Құран оқу ережелері секілді талаптар бойынша бағалады. Сайыстың үш талабы бойынша 36 қатысушының ішінен ең жоғары ұпайды Рафхат Қайыржанов жинаған.

Айта кетейік, Рафхат бүгінгі күні Жымпитыдағы Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің 10 – сыныбында білім алады.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар