15.02.2019, 22:40
Қараулар: 468
«ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕ БЕЙНЕРОЛИК КӨРСЕТІЛДІ

«ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕ БЕЙНЕРОЛИК КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Сырым аудандық мешітінде, жұма намазының алдында жамағатқа Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясы жөнінде бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик елге оралған Зухра Кенжебаеваның тағдыры өз ауызынан баяндалады.

Зухра Кенжебаева Сирияға жанұясымен бірге, өзінің үлкен ұлын іздеп барған. Ұлымды табамын деп жүрген ана Сирияда тағы екі баласынан айырылады. Оның – біреуі қаза тапқан. 14 жасында ДАИШ – содырларының сапына тұрған екінші баласы Иракта тұтқынға түсіп қалыпты.

«Қазір ол жақта не болып жатыр?» және «Сирияға баруды көздеген бауырларымыз бен қарындастарымызға не айтар едіңіз?» деген сауалдарға Зухра Кенжебаева былай деп жауап береді:

– Ол жақта ДАИШ – ты қолдамаған адамдарды өлім жазасына тартуда. Балаларға арналған «муаскарлар», яғни әскери лагерлер бар. Лагерлерде балаларды өлім жазасын көрсету арқылы зорлыққа үйретеді, «кәпірлер», «шайтандар» деп жануарларды бауыздатады. жаппай қанды шайқасты көрген балалардың психикасы қатыгез болып қалыптасуда. Бір – біріне оқ атқан балалар да болды. Менің айтатыным – ол жердегі жағдай ислам емес, шариғат емес және ол жақта (Сирияда авт.) ешқандай халифат жоқ.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан «Жусан» операциясы арқылы Сириядан 47 адам елге қайтарылды.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар