15.02.2019, 22:47
Қараулар: 119
РАФХАТ КІШІ ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРАТЫН БОЛДЫ

РАФХАТ КІШІ ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРАТЫН БОЛДЫ

Күні кеше сырымдық оқушы Рафхат Қайыржановтың ҚМДБ Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мен Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы қазақ – вайнах «Достық» клубы ұйымдастырған оқушылар арасындағы Құранды жатқа оқу жарысында І орынға ие болғанын хабарлаған болатынбыз.

Бүгін Құран сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстың орталық мешітінде, жұма намазының алдында марапатталды. Сырымдық болашақ қари Рафхат Қайыржановқа БҚО өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов Ұмраға, яғни Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдине қалаларына кіші қажылық сапарын жасауға жолдама берді.

Жолдаманы ҚМДБ Батыс Қазақстандағы өкілдігі мен  «Assalam» компаниясы ұсынған.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар