18.02.2019, 15:49
Қараулар: 163
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы, сырымдық Шадиар Елеубаева Алматы қаласында ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен оқушылар арасындағы республикалық ғылыми жобалар байқауында ІІ орынға ие болды. Бүгін мектеп директоры Марат Ақбасов бастаған топ жүлдегерді Орал вокзалынан салтанатпен күтіп алды.

Шадиар Елеубаева республикалық ғылыми жобалар байқауына «Дүние жүзі тарихы. Адам. Қоғам. Құқық» секциясы бойынша қатысқан. Жетекшісі Гүлдана Нұғманованың айтуынша, жас ғалымның ҚР азаматының жеке конституциялық құқықтарына қол сұғылмаушылық жөніндегі жобасы Қазақстандағы жетекші университеттердің педогог – ғалымдары тарапынан жоғары бағаға ие болған. 27 оқушының арасынан жүлдегер атанған сырымдық оқушыға ҚР Білім және Ғылым министрі Е. Сағадиевтің қолы қойылған диплом берілді.

Айта кетейік, Шадиар осыған дейін Ақтөбе қаласында ҚР кіші Ғылым академиясы ұйымдастырған ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанған болатын.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар