18.02.2019, 15:56
Қараулар: 430
СЫРЫМДЫҚ АРДАГЕР ОЙЫНШЫЛАР ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

СЫРЫМДЫҚ АРДАГЕР ОЙЫНШЫЛАР ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Теректі ауданында ардагерлер арасында волейболдан өткен ашық турнирде Сырым ауданының құрамасы жүлделі ІІ орынға ие болды, деп хабарлайды «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов.

Ашық турнир Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізілген. Теректі, Тасқала, Ақжайық және Бөрлі аудандарының ардагерлерінің құрамасымен болған айналымдық ойында жеңіске жеткен сырымдық әуедопшылар тек алаң иелеріне ғана есе жіберген.  Сырым ауданы құрамасының мүшесі Әскербек Тәжіғалиев осы турнирдің «Үздік қорғаушысы» атанды.

Жарыстың салтанатты шараларына Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов қатысты.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар