18.02.2019, 17:12
Қараулар: 17
Балаларға бақыт сыйлаған Бағдат

Балаларға бақыт сыйлаған Бағдат

«Арнау-Батыс» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бағдат Арыстанғалиева Жымпиты, Бұлдырты ауылдық округінің балаларын Орал қаласына арнайы шақыртып, «Гюльчатай» мейрамханасында  қайырымдылық шарасын өткізді.

Эльвин Агаев өз командасымен балаларға ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Мейрамхана әкімшілігі балаларға дастархан жайып, қонақ қылды. Балалар өздері жасаған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, музыкалық сәлемдемесін жолдады.

Балаларға құрметі үшін Бағдат Ахонқызына Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Макашевтың алғыс хаты, балалардың қолынан шыққан бұйымдар сыйға тартылды.

Айта кетейік, Бағдат Арыстанғалиева 2016 жылы «Арнау-Батыс» мүгедектер қоғамдық қорын құрып, мүмкіндігі шектеулі балалардың өз ортасында лайықты өмір сүруіне бейімдеу бағытында күш-жігерін салуда. Теректі, Бәйтерек аудандарының балаларымен жұмыстанып, қоршаған ортаға бейімдеп, қоғамдық жұмыстарға тартып келеді. Биыл Бағдат ханым облыс орталығынан шалғай ауылдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық  шараларға тартуды мақсат етіп отыр.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар