20.02.2019, 18:05
Қараулар: 660
Техникалық қауіпсіздік сыныбы жұмыс жасайды

Техникалық қауіпсіздік сыныбы жұмыс жасайды

Сырым аудандық электр торабы мекемесінің ішінде қызметкерлерге арналған техникалық қауіпсіздік сыныбы жұмыс жасайды.

Жаңа сыныпта мекеме қызметкерлері техникалық қауіпсіздік ережелерін пысықтайды, әріптестерімен тәжірибе бөліседі. «Батыс Қазақстан Электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ жанындағы оқу орталығына жолданған қызметкерлер де алдын — ала аудандағы сыныпта дайындала алады. Оқу бөлмесі көрнекілік құралдармен және компьютермен жабдықталған.

 

 

–  Техникалық қауіпсіздік мәселесі — аудандық электр торабы мекемесінің күн тәртібіндегі №1 мәселе. Сыныпта инженерлер, шеберлер өз әріптестеріне осы тақырыпта дәрістер оқиды. Әсіресе, қатарымызға қосылған жас мамандар үшін бұл сыныптың пайдасы көп. – дейді аудандық электр торабы мекемесінің бастығы Жұмағали Молдашев.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар