20.02.2019, 18:29
Қараулар: 527
Боранда көлік тұрып қалған

Боранда көлік тұрып қалған

Кешегі боранда Самара – Шымкент тас жолының 510 шақырымында Алматы облысы, Қарасай ауданының орталығынан РФ Самара қаласына бет алған «Opel Vectra» маркалы жеңіл автокөлігі бұзылып, тұрып қалды, деп хабарлайды Сырым аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Ерген Тасқалиев. Көліктің ішінде екі жолаушы болған.

Бұзылған көлік таңмен, яғни ақпан айының 19 – ы күні Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Азаматтық қорғау қызметінің аудандағы өкілдері Мирас Нариманов, Қанат Ғалиев және Сағадат Әнестің шұғыл әрі өзара жымдасып әрекет етуінің арқасында, жолаушылардың да жағдайы табылып, күн аяғына дейін көлік те жөнделген.

Алматылықтар кешке жақын Орал қаласына қарай аттанды.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар