22.02.2019, 13:00
Қараулар: 188
Жер қатынастары бөлімінде – жаңа басшы

Жер қатынастары бөлімінде – жаңа басшы

Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиевтің өкімімен 2019 жылдың 22 ақпанынан бастап жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне Арман Тоқтаров тағайындалды.

Аудан әкімі жаңа басшыны ұжымға таныстырып, Арман Мажитұлының жүктелген жауапкершілікті ақтайтынына сенім білдірді.

Тоқтаров Арман Мажитұлы  1982 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келген.  Білімі жоғары. Еңбек жолын 2008 жылы «Сырым» мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорнының агрономы болып бастаған.  2009-2011 жылдары ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік  кешендегі мелмекеттік инспекция комитеті «Республикалық фитосанитариялық диагносика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ БҚО Сырым аудандық филиалының гербологы, 2011-2014 жылдары Сырым аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы, 2014-2015 жылдары Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы, 2015-2016 жылдары Сырым аудандық ауыл шаруашылығы жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2016 жылдың наурызынан  осы кезге дейін Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы қызметтерін абыроймен атқарды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар