25.02.2019, 19:02
Қараулар: 5
Талдыбұлақта тындырылған істер көп

Талдыбұлақта тындырылған істер көп

 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Туған жер» бағдарламасы аясында Талдыбұлақ ауылдық округінде көптеген жарқын істер жүзеге асырылды.

Атап айтсақ,  өткен жылдың маусым айында балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Ауылымыздың азаматы, жеке кәсіпкер «AsianGlobalEngineering»ЖШС директоры Мейрам Хамидуллин батут сыйға алып берді.

1998 жылғы мектеп түлектері Талдыбұлақ орта мектеп балабақша кешенінің акт залын 50 орындықпен, бокс үйірмесін жандандыруға  қажетті спорттық инвентарлармен қамтамасыз етті. Ал, мектеп бітіргендеріне 35 жыл болған азаматтар футбол, волейбол, баскетбол, теннис спорт түрлеріне арналған қажетті доптарды сыйға тартты.

Өткен  жылдың қараша айында мұз айдыны пайдалануға берілді. Ауыл жастарының қолдауымен іске асқан бұл жоба мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындарының бос уақыттарын тиімді өткізулеріне сеп болуда. Талдыбұлақтың байырғы тұрғындары, қазіргі таңда Германияға қоныс аударған Ибель Виктор, Шваб Эдуард  және жерлестеріміз Жомарт Насыров, Нұрлан Бекмұханов, Ерік Хасанов, Нұргүл Исатаева, Ақерке Шынғалиева, Наташа Сағынбаева, Бақытжамал Тілегенова, Дәурен Хамидуллин, Асқар Дауталиевтер 10 конькимен демеушілік етті.

Дайындаған: Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар