25.02.2019, 19:13
Қараулар: 438
Қар құрсауынан көлік шығарылды

Қар құрсауынан көлік шығарылды

Жолда қалған көлік Облыстық маңызы бар Жымпиты-Ақсай тас жолының 35 шақырымында жолда көлігімен тұрып қалған Ақтөбе қаласының тұрғынына көмек көрсетілді.  

Аралтөбе ауылдық округінің бас маманы Рашид Байыров  пен  ауыл тұрғындарынан 3 азамат түнгі сағат 2-лер шамасында жолда қалған көлікті қарды күрекпен ашып,  қар құрсауынан шығарып алған.  Бұл туралы бізге Аралтөбе ауылдық округінің бас маманы  Р.Байыров хабарлады.

 

Айта кетейік, осыдан екі-үш күн бұрын болған бораннан кейін «К-700» техникасы Тасқұдық ауылынан қарды  тазалап келеді, алайда кейбір жерде қардың биіктігі адамның бойымен шамалас болғандықтан, жол түгел аршылып біткен жоқ.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар