27.02.2019, 18:18
Қараулар: 412
Жымпитыға бауыр басқан

Жымпитыға бауыр басқан

Сбитникова Тамара Анатолийқызы орыс ұлтынан болса да, Жымпитыда қазақ халқымен бір үйдің балаларындай араласып-құраласып, қоныс теуіп келе жатқанына елу жылдан асты. Бүгінде абырой-беделі бар, сыйлы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Тамараның әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Сидоров Анатолий Александрұлы мен анасы, тыл ардагері Александра Тимофейқызы Орал қаласында туып-өскен. Арғы аталарының тағдыры тарихтың  тоғыстыруымен  Қазақстанның Орал деген қаласына келді. Тамара да Орал қаласында 1949 жылы дүниеге есігін ашты. Орта мектепті бітірген соң, арнаулы техникалық мамандық алып, 1965 жылы әмбебап шаштараз мамандығы бойынша Жымпитыға жолдамамен келді.

Жас маманды өзге ұлт өкілдерін жатсынбайтын Жымпиты жері құшақ жая қарсы алды. Қалада туып-өскен Тамара бауырмал қазақы ауылға тез сіңісті. Жымпитының татары Сбитников Клим Жамалидденұлымен сөз байласып, 1968 жылы отау құрды. Клим обаға қарсы күрес мекемесінде жұмыс жасап, 2005 жылы өмірден өтті. Тамара Анатолийқызы ері Климмен бірге 5 баланы жарық дүниеге әкеліп, өсіріп-өндірді. Ұл ұяға, қыз қияғақонды.  Келіндері қазақ ұлтынан, Құдасын құдайындай сыйлаған Тамара қазақ халқымен мың жылдық құда болып отырған жайы  бар.

Тамара Анатолийқызы бес ұл-қыздан 8 немере-жиен, 3 шөбере сүйіп отыр. Жымпитыда кәсіподақ төрағасы болып ұзақ жыл жұмыс жасаған ол  бір рет облыстық, екі аудандық аудандық депутат болып сайланды. Отыз екі жыл жыл бойы адал еңбек еткен Тамара бүгінде зейнетте.  Жымпитыға әбден сіңіп, үйреніп қалған кейіпкеріміз қазақ халқы арасында өзін бақытты сезінеді.

Шынар ЯУДАҚЫЗЫ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар