27.02.2019, 18:22
Қараулар: 110
Жаңалығы мол жиын

Жаңалығы мол жиын

Бүгін Астана қаласында Елбасының төрағалығымен Нұр Отан партиясының кезекті ХVІІІ сьезі болып өтті.

Шыны керек халық осы жиыннан  үлкен  үміт күткен болатын. Елді толғандырған мәселелердің басында көп балалы аналардың жағдайы, балаларға төленетін жәрдемақы, баспана мен жұмыссыздық тұрған болатын. Елбасы елдегі жағдаймен жақсы таныс екенін көрсетіп, қордаланған мәселелердің оңтайлы шешілуіне  жол көрсетіп арнайы тапсырмалар жүктеді. Алдағы уақытта үкімет пен халықтың арасы жақындай түсетін болды. Оған себеп Елбасы өңірлердегі әкімдерге жылына бір рет емес бірнеше мәрте кездесіп есептік кездесулер өткізу керектігін айтты. Көптеген адамдарды толғандырған пәтер мәселесі де жақын арада шешілетін секілді. Қалай болғанда да халықтың әл – ауқатын жақсартуға арналған ауқымды шаралар қолға алынатын болды. Сонымен қатар үштілділік мәселесі жөнінде де айтып кетті. Ал өңірдегі басшыларға адамдардың мұң – мұқтажын бақылауға алып, олардың жағдайын басты назарда ұстауды тапсырды. Қашанда жағымды жаңалық пен жөн сілтер жолдаулары мен мақалаларынан үлкен үміт күтетін халықтың үміті ақталды.Еліміздегі қызметкерлердің жалақысының өсуі, ауылдағы тұрмыс сапасының артуы, білім мен денсаулық сапасын қадағалау үшін әрбір нұротандықтар міндетті екенін айтқан Елбасының әр сөзіне қосыламыз. Жағымды жаңалығымен  мол болған жиын, жаңа үкіметтің де алдағы мақсат – міндеттерін де айқындап берді.

А.Ойшыбаева

Сырым Датұлы атындағы

тарихи – өлкетану музейінің меңгерушісі

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар