28.02.2019, 12:33
Қараулар: 647
Жауынгер-интернационалистің құрметіне арналған турнир

Жауынгер-интернационалистің құрметіне арналған турнир

Кеңес әскерлерінің  Ауғанстан территориясынан шағырылғанына  30 жыл толуына орай жауынгер-интернационалист  Айдарханов Мұрат Жұмагелдіұлының  құрметіне арналған волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылды.

Турнирдің ашылу салтанатына Мұрат Жұмагелдіұлының отбасы, тума-туыстары, ұлдарының достары қатысты. Жарысқа барлығы 6 команда қатысып, жанкүйерлерге тартысты ойын көрсетті.

Жарыс нәтижесі бойынша  Бұлдырты ауылдық округі І орын,  Аралтөбе ауылдық округі ІІ орын,  Жымпиты ауылдық округі ІІІ орынды жеңіп алып,  ақшалай сыйлыққа ие болды.  Елемес Жақып «Үздік ойыншы»,  Утешов Мержан «Үздік  шабуылшы», Мырзахмет Алтай  «Үздік қорғаушы» аталымдарымен марапатталды. Мұрат Айдархановтың ұлы Алмаздың достары тағайындаған «Жымпиты той ұжымының арнайы жүлдесі» Балалар мен жасөспірімдер мектебінің командасына табыс етілді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар