28.02.2019, 18:41
Қараулар: 678
Су тасқынына қарқынды дайындық басталды

Су тасқынына қарқынды дайындық басталды

Аудан әкімдігінде аумақтық деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.  Отырысқа аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия  төрағасының орынбасары  Ерболат Ахметов төрағалық етті.

Комиссияның күн тәртібінде  өткен жылдың қорытындысы  және 2019 жылы алда  тұрған міндеттер және көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық  туралы мәселелер қойылып, талқыланды.  Бұл мәселелерге қатысты  аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау  капитаны Ерген Тасқалиев  хабарлама  жасады.

–  Су тасқынының алдын мақсатында  елді мекендерден қар шығару,  уақытша бөгеттер тұрғызу үшін қаптар,  инертті материалдар, құрал-саймандарын қорын молынан жасақтау қажет  Еріген қар суын  қауіпсіз аймаққа жіберу үшін жер рельефі бойынша арықтардың  қарларын тазалау, апта сайын мекеме, ұйымдардың қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырып, мекемелердің  аулаларындағы қарды  шығарып,  ғимараттың шатырындағы қар мен мұз сүңгілерін тазалаулары қажет,- дейді Ерген Аманшаұлы.

Биыл қардың мөлшері жылдағыдан көп болуына байланысты ауылдық округтерде жеке трактор иелерімен келісімшарт  жасасып, қар шығару жұмыстары жүргізуді ертерек ұйымдастыруды қолға алу, көктемгі судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ететін автожол асты құбырларын, арналарды, каналдарды тазарту жұмыстарын жүргізу қар ерігеннен бастап  тәулік бойы  кезекшілік белгілеу жұмыстары ауыдық округ әкімдеріне тапсырылды.

Су тасқыны қаупі бар ауылдар қатарында  Жымпиты, Өлеңті, Қособа,Тоғанас, Аңқаты, Тасқұдық ауылдары бар. Жиынды қорытындылаған аудан  әкімінің орынбасары  Ерболат Ахметов  ауылдық  округ әкімдері мен мекеме басшыларына су тасқынының алдын алуға  қатысты  тиісті тапсырмалар жүктеді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар