1.03.2019, 11:27
Қараулар: 13
«Мейірімді көктем» акциясы басталды

«Мейірімді көктем» акциясы басталды

Сырым ауданында бүгін «Мейірімді көктем»  қайырымдылық акциясы басталды. Акция барысында «Қайсар» спорт клубы ғимаратынан қайырымдылық дүкені  ашылды.

Бұл дүкенде  көп балалы аналарға тегін  киілген  таза, бүтін киімдер,  қолданылған тұрмыстық бұйымдар беріледі.  Акцияны Жымпиты ауылдық округі бастама ретінде көтеріп, оны аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық та қолдап жатыр. Акцияға кез-келген  Жымпиты ауылының тұрғыны ат салысып,  киіліп, қолданылған таза, бүтін киімдер мен тұрмысқа қажетті бұйымдар, ыдыс-аяқтарын  қайырымдылық дүкеніне  тапсыра алады.

Акция наурыз айының соңына дейін жалғасатын болады.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар