1.03.2019, 19:07
Қараулар: 443
Алғыс айту күніндегі шара

Алғыс айту күніндегі шара

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Алғыс айту күніне орай  салтанатты шара өтті.

Шарада Жымпиты ауылдық округінің әкімі Арман Баяндықов құттықтау сөз сөйлеп, «Мейірімді көктем» акциясы аясында  кәсіпкер Әлия Нұрманова мен тегін  қызмет көрсеткен  такси жүргізушісі Батырхан Нухиевті марапаттады.

Марапаттау рәсімінен соң,  мерекелік концерт жалғасып,  өзге ұлт өкілдерінің, көркемөнерпаздардың  өнері тамашаланып, тілі басқа тілегі бір бауырлардың   бейнежазба арқылы жолдаған алғыстары көрсетілді. Түрлі ұлт пен ұлыстардың әндері орындалып, билері биленді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар