5.03.2019, 12:19
Қараулар: 10
«Аlina» дәмханасы ашылды

«Аlina» дәмханасы ашылды

Кеше  Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында отыз орындық «Аlina» дәмханасы ашылды. Жаңадан бой көтеріп, пайдалануға берілген асхананы иесі Берік Жүсіпов өз қаражаты есебінен салды.


Қоғамдық тамақтандыру орнының ашылу салтанатына Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов қатысты.

Асхана иесі Берік Жүсіповтың әкесі Мұқан Жүсіпов пен қайын атасы Сайын Анесов сөз сөйлеп, лента қию рәсімін жүргізді. Әжелер құтты болсын айтып, шашу шашты, құран бағышталды.

Жиналған қауым дәмхананың ішіне бас сұғып, жайылған дастарқаннан дәм ауыз тиді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар