5.03.2019, 17:25
Қараулар: 13
Ашық әкімдікте – тұрғындар қабылдауда

Ашық әкімдікте – тұрғындар қабылдауда

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында  аудан әкімінің міндетін атқарушы Асланбек Сарқұлов және сала басшылары  тұрғындарды толғандырған  мәселелері бойынша  «Ашық әкімдік» бірыңғай  қабылдау жүргізді.  Ашық әкімдікте тұрғындар жұмыс, тұрғын үй, көп балалы аналарға көмек алу туралы мәселелерді көтерді.

Көп балалы аналарға берілетін  атаулы әлеуметтік көмектің төлену шарттары түсіндірілді. Қазіргі кезде  ең төменгі күнкөріс деңгейі – 26698 теңге. Ал кедейлік  шегі күнкөріс деңгейінің  50 пайызы немесе 14849 теңге. «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде  Елбасы тапсырмасын сай 2019 жылғы 1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тәртібі бекітілді. Аз қамтылған отбасыларды, әсіресе, көп балалы отбасылардың қамту аясын кеңейту мақсатында өлшемі ең төменге күнкөріс деңгейінің  50 пайызынан 70 пайызға, 14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін  көтеріледі.  Аз қамтылған отбасылардың  балаларына 18 жасқа дейін ай сайын  20789 теңге кепілдендірілген  көмек төленетін болады.  Егер бала жоғары оқу орнында оқыса,  бұл көмек 23 жасқа дейін жалғасады.  Ал, ата-анасына кедейлік шегінен отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысының айырмасы төленеді. 

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп бабалы  отбасыларға және «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен мрапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар және стипендиялар алынып тасталаы.  АӘК тағайындау  рәсімі жеңілдетіліп, құжаттар «е-Халық» ақпараттандырылған жүйесі арқылы  автоматты түрде алынатын болады.  Өтініш беруші жеке куәлігін ғана көрсетеді. Егер 60 мың теңге кірісі бар 4 балалы толық отбасы  ай сайын 29094 теңге көлемінде  атаулы әлеуметтік көмек алып келсе, 1 шілдеден бастап, ол қаржы 75640 теңгеге көбейіп, 104734 теңгені құрайды. Яғни,  60 мың теңге айлық табысты жан басына бөлгенде 10 мың теңге болады.

Балаларға 18 жасқа дейін ай сайын 20789 теңге төленетіні белгілі.  Яғни, кедейлік шегінің мөлшері  төртке көбейтіледі.  (20789теңге*4=83156 теңге). Ата-анасына кедейлік шегі – жан басына шаққандғы  орташа табыс беріледі: 20789-10000+10879*2=21578. Балалар мен ата-анасының төлемдерін қосқанда, атаулы әлеметтік көмектің толық көлемі – 104734 теңге. Оған үстіне 60 мың теңге жалақысы қосылады.  Екі баласы бар толық отбасының айлық табысы 40000 теңге болса,  ай сайын 19396 теңге көлемінде АӘК алып отырады. 1 шілдеден бастап,  бұл отбасы 1 айға 63156 мың теңге  АӘК алады. Жоғарыда көрсетілген формуламен есептегенде, бұл отбасы бір айлық жалпы табысы 103156 теңгені құрамақ.

Толық емес отбасы болсын,  жалғызбасты ана болсын, айлық табысын отбасы мүшелерінің  әрқайсысына бөлгенде, 20789 теңгеден аспаған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленетін болады. Бұл жөнінде ашық әкімдікте қабылдауда болған көп балалы, аз қамтылған отбасыларына түсінік берілді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар